Тұрғындар көшет отырғызды

(0 Votes)

Мақаттықтар 20 түп тал екті. Өткен сенбіде Мақат кентіндегі 48 көше, 60 пәтерлік 11-ші тұрғын үйдің тұрғындары жеміс талдарын отырғызды.

Көшет отырғызуға бұл күні үйдің тұрғындары түгел шықты. Олар айналаны тазартып, үлкен-кішісі бірігіп, көшет екті.

Ерлер жағы жер қазса, балалар мен әйелдер жағы су тасыды.

Тұрғындар жаңа үйдің айналасын әуел бастан көгалдандырып, таза ұстағанда ғана тазалық мәдениетін қалыптастыруға болатынын жақсы біледі. Алдағы уақытта гүлзарлар жасақтап, гүл егуді де қолға алмақ.

Тұрғындар өздері үшін жасалған игіліктің сәнімен пайдаға асқандығын қалайды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521