Ысырапшылды Алла да сүймейді

(0 Votes)

Бисмиллаһир рахманир рахим,

Еліміз бойынша садақаның ас мәзірін дайындау кезінде облыстағы 12 ауданда алдын ала сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың 85 пайызы дастарханның қарапайым болғанын, ысырапшылдыққа жол бермеу қажет екенін айтып, бастаманы қолдаған.

Мәзірде жеміс-жидек пен салат, қуырылған, пісірілген тауық, балық, конфеттер жоқ. Дастарханға тек қазақтың ұлттық тағамдарын қою ұсынылған. «Мәзірде тары-талқан, жеті нан, бауырсақ, өрік-мейіз бар. Ыстық тамаққа ет асылады немесе палау пісіріледі. Осы арқылы біз ысырапшылдықтан арылуды ұсынамыз. Әрі қарапайым халық садақа дастарханын жайған кезде қиналмайды. Алдағы уақытта мешіттердің асханасында осы мәзір бойынша дастархан жайылатын болады. Бұл – талап. Ал мейрамханаларға тек мәзір ұсынылады. Олар өздері шешім шығарады. Біздің ендігі міндетіміз, садақа мәзірін бір ізге түсіру. Жақынынан айырылып, қайғыдан бас көтере алмай отырған адамдар ас мәзірін ойламайды. Дастарханды туған-туысы, ағайыны жасайды. Сол кезде жеміс-жидек, қуырылған балық секілді той дастарханына қойылатын тағамдарды емес, қарапайым тағамды ұсыну керек.  Дастарханға құрт, май, тары, бауырсақ, шелпек нан, талқан, мейіз, өрікті қойсақ жеткілікті. Садақа аяқталар кезді көрсеңіз, дастархан үсті «жау шауып кеткендей» болады. Кей адамдардың дастархан басынан тағамды қолдарында пакетімен де алып кетіп жатқанын көресің, көбіне көп әйел адамдар. Өте ыңғайсыз көрініс», – делінді Атырауда өткен жылдық «Жаназа және жерлеу мәселелері» атты конференцияда.

Мақат аудандық діни қызметкерлері  аудан тұрғындарына үндеу жолдап, бекітілген мәзір бойынша садақа дастарханын жаюды ұсынды. Мешіт жанындағы асханалар ортақ талаппен жұмыс істейді. Ал мейрамханалар тапсырыс берушілерге дайын мәзірді ұсынады. Дегенмен, соңғы таңдауды тапсырыс беруші жасайды. Осыған орай өздерімізді ысырапшылдықтан, асыра тасынғандықтан сақтанып қалу үшін осы айтылған мәзірге бой ұсынып алғанымыз дұрыс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілдігі Атырау облысына қарасты құдайы ас (садақа) мәзірін бекітеді.

Жаназа дастарханына ұсынылған ас мәзірі:

Бауырсақ;

Жеті шелпек;

Тары-талқан;

Қаймақ;

Сары май;

Құрма;

Өрік-мейіз;

Бір ыссы тамақ (күріш)

«Аллааһуммә, Раббәнәә әәтинә фид-дуния хәсәнәтәу-уа фил-аахирати хәсәнәтәу-уа қинаа ъәзәәбән-наар» Әумин.

 
Батыр қажы Бердіқұлов,

Доссор мұсылмандар Сатен-Шәмек

 мешітінің имамы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521