Бүгін аудан әкімінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы, аппарат басшысы, бөлім басшылары, кент және округ әкімдері мен ауданға қарасты мекеме басшылары қатысты.
Аппарат мәжіліс отырысында облыс және аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалысы және кент, округ әкімдерінің қысқы маусымға дайындық жұмысының есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің кеңесшісі Е.Құбаев мәлімдеме жасап, хаттамалық тапсырмалардың орындалмай жатқан тұстарына тоқтала отырып, жауапты мамандардан тәртіптік шара алуды ұсынды.
Ал, екінші мәселе бойынша Мақат кентінің әкімі Б.Сәрсен, Доссор кентінің әкімі А.Қосмағамбетов, ал Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша К.Махмұтұлы баяндама жасап, кент және округтердің қысқы маусымға дайын екендіктерін жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы тапсырманы мерзімінде орындамаған жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдануды тапсырып, аталған тапсырмалардың сапалы орындалуын қатаң ескертті.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі