Құрбан айт адамдардың бір-біріне өзара мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа үндейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды жақындастыратын қасиетті мереке.
Қасиетті мейрам – дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қалыптастырар орта.
Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты халықтың денсаулығын алға қойған Қазақстан Мұсылмандардіни басқармасы құрбандықты онлайн шалу жөнінде бастама көтерді. Еліміздің әр түкпірінде аталған бастаманы қолдап, оған өз үлестерін қосып жатқан отандастарымыз да көптеп табылуда. Құрбандық шалу – әркімнің қалауы. Десек те, аталмыш мерекеде халқымыздың аса сақтықпен карантин талаптарынан шықпауы талап етіледі.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін! Алла Тағала барлық дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін!
Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын! Болашағымыз жарқын,еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Шәкір КЕЙКИН,
аудан әкімі