Атырау облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 шілдедегі №58 ПГВР қаулысына сәйкес, аудандағы сауда нүктелері де бақылаудан тыс қалған жоқ.
Елімізде биыл Құрбан айт мерекесі ерекше өтетіні «Qurban2020.kz» жүйесі арқылы (онлайн тапсырыс туралы ) барлық ақпарат көздері жариялап, халыққа түсіндірме мәліметтері жан-жақты таратып жатыр.
Осы орайда, аудан әкімдігінің мобильді тобы сауда орындарына белгіленген мал сату нүктесіне шығып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келуде.
Түсіндіру барысында аудан тұрғындарына ескертпелер таратылып, адамдар көп шоғырланатын орындарға да ілінді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де өз жалғасын табады.
Ж.Жұмағалиева,
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Сурет: ашық дереккөз