Кеңестің кезекті отырысы

(0 Votes)

 

 

Осы аптаның дүйсенбісінде Партия филиалы  ғимаратында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы  өтті.

 

 

Жиында Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасының орындалу барысы туралы   қаралды.

Отырысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы  Аманияз Қабдолов жүргізіп отырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдағы  Жолдауында арнайы тоқталар мәселе қатарынан орын алып келетін   сыбайлас жемқорлықпен күрес жайына ерекше маңыз  берілген басқосуда аудандық білім беру бөлімінің  басшысы Еркін Сұлтанов, «Ақпарат» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ақмарал Өтешова баяндама жасады.

-Өздеріңізге белгілі, Президентіміз әр Жолдауында әлеуметтік мәселелермен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше тоқталады. Біздің мақсат – осы кеселдің алдын алуға күш салу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу,-деді Еркін Сұлтанов.

Сондай-ақ, ол  өз баяндамасында білім ордаларындағы қалыптасқан ережеге сәйкес тәртіп жайы мен тамақтану, мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау , жолдама беру мәселелеріне арнайы тоқталды.

Ақмарал Өтешова сыбайлас   жемқорлықтың алдымен елдің экономикасына, сосын  беделіне нұқсан келтіретінін, сондықтан онымен біріге күресуде  қажеттігін атап өтті. Бұған қатысты жұмыстар іс-шараларға сәйкес жоспарлы  түрде жүргізіліп жатқанын, түсіндіру жұмыстарының ұдайы жүргізілетінін және оны болдырмауға үндеудің нақтылы мысалдарға негізделген мәдени көпшілік шаралардың өтіп келетіндігенен мысалдар келтірді.

Жалпы, айқындық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін бастауыш партия ұйымына қарасты бөлімдерде  барлық жаңалықтарды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік  желілер арқылы хабарлап отыруды реттеп келеміз деді.

Ал кеңес төрағасы Аманияз Қабдолов, мүшелері Әсима Мендалиева сауалдар қойып, есеп берушілер жауап берді.

Кеңес отырысы соңынан қаралған мәселелерге орай тиісті ұсыныстар беріп, шешім алды.

 

Өз тілшіміз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521