Округ әкімі ауыл ақсақалдарымен кеңесті

(0 Votes)

Бәйгітөбе ауылдық округі әкімі Дулат Тастаев ауыл ақсақалдары бастаған тұрғындарымен кездесті.

Сайланғанына көп уақыт өте қоймаған жаңа әкім ауылдың ахуалы мен тұрғындар көкейінде жүрген мәселелерді тарқатып, мәмілелі іс жасауды ұйғарды. Алдымен ауыл ішіндегі тазалық мәселесін тілге тиек еткен тұрғындар ауыл ішіне қойылған контейнерлер маңының ластануы тұрғын үйлерге жақын орналасқандықтан орынын ауыстыру мүмкіншіліктерін қарастыруды сұрады.

Сонымен қатар, кәріз суларын соратын вакум көлігі уақытылы келмейтіні және бір мәрте вакум көлігінің қызмет құны Мақат кенті тұрғындарынан алатын бағадан Бәйгетөбе округі тұрғындары үшін белгіленген бағаның қымбат болуын мәселе етіп қойды. Сол сияқты Мақат кентінен Бәйгітөбе - Мақат аралығында жүретін қоғамдық тасымал көлігі қажеттігін, балалар үшін ойын алаңы салынса деген ұсыныстарын жеткізді. Ауыл ақсақалдары ауылдың ахуалы туралы көтерілген мәселелердің орындалыс табатынына сенім артып, округ әкімінің жұмысына сәттілік тіледі.

Жиында көтерілген мәселелерді мұқият тыңдаған округ әкімі Д.Тастаев алдағы уақытта бұл мәселелерді қаперге алатынын айтып, ауылішілік жол жөндеу жұмыстары бойынша 4 км-ге дейінгі жолдың қайта жөндеу жобасы қазіргі кезде қарастырылып жатқандығы туралы мәлімдеді.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521