NEET: Атырауда ештеңеге құлықсыз жастарды жұмысқа тартады

(0 Votes)

Бүгін, 19 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен Атырау облысы әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Онда оқуда жоқ әрі жұмыс жасамайтын жастар мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Күн тәртібінде NEET (не жұмыс істемейтін, не оқымайтын, өзге де істермен айналыспайтын) санатындағы жастардың үлесін төмендету бағытындағы жұмыстар, жас отбасыларды қорғау шаралары, жазасын өтеп шыққан жастарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту және кәсіптік бағыт-бағдар беру мәселелері қаралды. Атырау облысында 14 пен 28 жас аралығында 133 мың 130 жас бар. Оның 67 961-і қалада, 65 169 –ы ауылда тұрады. Оның ішінде 2466 жас жұмыссыз ретінде тіркелген.

04256c4b-e372-40c3-a3c1-6d368ea19c7c

Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Диана Теміртасованың айтуынша, NEET санатындағы жастардың пайызы пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда артқан. Яғни, бұрын көрсеткіш 5,2% құраса, қазір 5,5% болып отыр. Бірақ, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша бұл нақты көрсеткіш емес. Жұмыссыз және оқымайтын жастардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін. Сондықтан осы мәселеге байланысты NEET санатындағы жастар санын анықтау және азайту мақсатында жастар ресурстық орталықтарынан осы мәселемен айналысатын 2 қосымша штат құру ұсынылды.

- Жастар - біздің болашағымыз. Біз NEET қатарындағы жастарды азайтып, белсенділердің санын өсіруіміз қажет. Жігерлі, бастамашыл жастар көп, тек оларға қолдау қажет. Бұл жұмыспен жастар мәселесі басқармасы айналысуы қажет,- деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Сонымен қатар, жиын барысында Атырау облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы Манарбек Габдуллин, Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Азамат Мәмбетов, Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев баяндама жасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT