Көшеге көшет отырғызды

(0 Votes)

«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» орай өткен акцияға Мақат кенті әкімі аппараты да өз үлестерін қосты. Олар шараға кенттің барша кәсіпорындары мен мекеме қызметкерлерін жұмылдырды.

Бұл күні кент көшелеріне 115 ағаш көшеті отырғызылды. Бұрын егілген көшеттерді күтіп-баптау жұмыстарымен қатар, С.Мұқашев орталық көшесі бойына қара тал мен шаған ағаштары отырғызылды. Мақат желілік өндірістік басқармасының қызметкерлері мекеме аумағында 100 түп тал екті. Әрине, көгалдандыру, тазалық деген бір күндік жұмыс емес.

Айналаның жасыл желекке оранып, көшелердің мұнтаздай таза болуы әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты. Бастысы, туған жерді абаттандыру баршаға ортақ парыз екенін естен шығармайық. Игілікті іске өзге де аудан тұрғындары мен жастар да үлестерін қосып, өз қоршаған орталарын таза ұстап, ағаш отырғызса нұр үстіне нұр болар еді.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521