Министрдің хаты ой салды

(0 Votes)

Білім және ғылым министрі  Асхат Аймағамбетовтың  ата-аналарға жазған хатын оқи отырып, балалардың демалысын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың болашақта мамандық таңдауы мен ғылымға  қызығушылығын оятуға  кітап оқудың пайдасы зор екендігіне тағы көз жеткізесіз.

Әрбір ата-ана өз перзентінің  Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана мен балалардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді болары хақ. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Осындай заңдылықтардың  іске асуына зор мүмкіндік тудырған балалардың 21 күнге созылған көктемгі каникулы  отбасында жақсы қатынастың орнауына себеп болды. Отбасым деп таңнан кешке дейін  жұмыста жүрген ата-аналар балаларымен  уақытты бірге өткізуге зор мүмкіндік алды. Көк жәшік пен смартфонға  телмірген балаларымның  уақытын текке өткізбеудің амалын ойлап, 6 және 11-сыныпта оқитын балаларыма күн тәртібін белгіледік. 6-сыныптағы ұлым домбыра сыныбына қатысады, жаңа  күйлерді шығарып, домбыра тарту шеберлігін  жетілдіруге арнайы  уақыт белгіленді. Күннен-күнге аспапта ойнауға қызығушылығы артты.  Қолы қалт етсе  «Менің атым  Қожа», «Қазақтың би-шешендері»  кітаптарын оқып,  мақал-мәтелдер жаттауды қолға алдық.

Кітап оқу  бала бойындағы  жақсы қасиеттердің қалыптасуына зор мүмкіндік тудырады. Өзіне деген сенімін қалыптастырады. Интернет  арқылы  «Қазбілім» онлайн сабаққа арнайы белгіленген кестемен қатысып, тапсырмаларын орындайды.Балалардың білім алуына өте ыңғайлы, ақысыз онлайн сабақтар  және нәтижелі білім беру ресурстарын  пайдалану арқылы уақытты тиімді пайдаланудамыз.

Ата-аналарға арнап өз тәжірибесімен бөліскен  А.Аймағанбетовтың  бұл хаты  балам болашағым деген көзі қарақты адамға ой салары сөзсіз. Білім министрінің әке ретіндегі   бұл ұсынысын қолдай отырып, ата-аналарға  рухани жан-дүниесі бай, бақытты  ұрпақ  тәрбиелеуді  тілеймін!

                                

                                                                    Ақжанар  Төлегенқызы,

Х.Санбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары

жоғары санатты мұғалім

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521