Бүгін Мақат ауданының 100 жылдығы аясында «Спорт – сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» ұранымен жергілікті мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен футболдан облыстық турнир өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Орынбасарұлы ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп келе жатқандығын айтып, ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық турнирге Атырау облысы, Мақат, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға ауданы және Атырау облыстық БАҚ өкілдері командасы қатысып, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде, Атырау облысы әкімдігінің командасы I орынға ие болып, жарыс жеңімпаз атанды. Ал, ІІ орынды Құрманғазы аудан командасы, III орынды Қызылқоға аудан командасы еншіледі.
Сондай-ақ, жеңіске деген жігері үшін Атырау облыстық БАҚ өкілдері командасы арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, жарыстың үздік ойыншылары анықталды: Үздің қақпашы Елеуов Қанат (БАҚ өкілдері); Үздік қорғаушы Бахтияров Айбек (Облыс әкімдігі); Үздік шабуылшы Сәбитов Әнуар (Құрманғазы ауданы).
Жеңімпаз атанған командалар мен ойыншылар аудан әкімінің арнайы дипломымен және медаль, кубоктармен марапатталды.
Ә.Қасым