Мақатта Мәңгілік алауға гүл қою рәсімі өтті

(0 Votes)

Мақат кентінде Ұлы Жеңіс күнінің 78 жылдығы негізінен Жеңіс саябағында тойланды.

Алдымен аудан әкімдігінің аппараты, Мақат кенті және Бәйгетөбе ауылдық округінің аппараты, ардагерлік кеңес, дербес бөлімдер, аудандық мәслихат аппараты және депутаттар, аудандық сот, аудандық прокуратура, ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Департаментінің Мақат аудандық бөлімі, аудандық полиция бөлімі, қорғаныс істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, №8 өрт сөндіру бөлімі, аудандық орталық аурухана, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық қазынашылық бөлімі, аудандық кірістер басқармасы, Мақат желілік өндірістік басқармасы, "Газ Энерго Жөндеу" мекемесі, Мақат Локомотив пайдалану депосы, Мақат Локомотив жөндеу депосы, Мақат техникалық қызмет көрсету пункті барлығы 15 колонна мәңгілік алауға кезек-кезекпен гүл шоқтарын қойды.

Кейін аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік шараның соңы аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мен оқушылар дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT