Мақаттық жігіт ұмраға жолдама жеңіп алды

(0 Votes)

 "Үмбеті үлгі еткен-әз Мұхаммед" атты сайыс бүгін Атырау қаласындағы Абай орталығында өтті.

Атырау облысы дін істері басқармасы және Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті ұйымдастырған білім бәсекесінің басты мақсаты – қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеу еді.

5e3e19c4-b664-463a-aa0a-4e367e591e6b

«Қоғамның тұрақты болуы, жат қылықтардан арылу – шын мәнінде санаға байланысты. Мұндай зияткерлік сайыстар адамды рухани байытады», - деді Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиев. Алдымен іріктеу турында 120 үміткер Quizizz мобильді қосымшасы арқылы 30 сұраққа тест түрінде жауап беріп, үздік шыққан 30 адам I турға жолдама алған болатын. Олар 6 топқа бөлініп, әртүрлі деңгейдегі жазбаша және бейнесұрақтардан тұрған II турдан кейін 5 жігіт қана жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Қайтадан мобильді қосымша арқылы үздіктер анықталғанда оза шыққан үшеуі ақтық кезеңде "Мен Пайғамбарды көрсем не істер едім?" тақырыбында жазған эсселерін оқып берді. Қуанарлығы олардың екеуі мақаттық болды.

68c1fabd-2acf-499f-815f-9a9345517904

Қатысушыларға әділ бағаларын берген Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров, «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев және «Әт-Тақуа» мешітінің имамы Қанағат Муслимовтердің ортақ шешімімен қос бірдей жерлесіміз қарсыластарының алдынан көрінді.

88054e05-e46f-4775-9916-25b1d7b80d4c

Атап айтар болсақ, 2 орын және 200 мың теңге Мейрамбай Кереевтің қанжығасында кетсе, 1 орын және кіші қажылыққа жолдама Нұрлан Сармалаевқа бұйырды.

264a7afa-89cc-4494-8d27-e9ddb31543a3

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, республика бойынша бұрын-соңды болмаған осындай жарысты дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

Асылбек ИЩАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT