Ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері дала өртінің алдын алу жұмыстарына кірісті. Ауданда орман, тоғай, шабындық жерлер жоқ.
Сондықтан мұнда бұрын-соңды дала өрті болмаған. Тек соңғы рет 2018 жылы құрғақ шөптің жану дерегі тіркеліпті. Дей тұрғанмен мамандар өрттің қауіпі жаз мезгілінде күшейе түсетіндігін ескеріп, полицейлер және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарымен бірлесіп, «Шеңгелді» қырын жайлаған шаруа қожалықтарын аралады.
Қазіргі кезде ауданда 30 еріктіден тұратын өрт сөндіру жасағы құрылған.
Олардың қорында 160-қа жуық арнайы киім, қажетті құрал-жабдық және 1 тонна жанармай, 1 тонна дизельдік отын бар. Аудан бойынша дала өртінің алдын алу және жою жұмыстарына биыл бюджеттен 3 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Ал жыл басынан бері ауданда 6 тұрғын үй және автокөліктің өртену фактісі тіркелген.
Мөлдір Ізтұрғанова