Мақатта «Мерейлі отбасы – 2023» байқауы өтті

(0 Votes)

 Елімізде отбасы ұғымын дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі – республикамызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі. Аталмыш байқау арқылы халқымыздың талай өнегелі де мерейлі отбасылары марапатталып, мәртебе биігінен көрініп келеді. 

Бүгін, 7 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңдегі жеңімпаздары марапатталды.

Шарада аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов байқаудың үздігі атанған отбасыларды құттықтап, лебізін білдірді.

Он отбасы бақ сынаған іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Мырзағалиевтар «Теміржолшы отбасы», Тортиевтер «Көп балалы отбасы», Таумұрыновтар «Парасатты отбасы», Бисеновтар «Өнегелі отбасы», Тіржановтар «Өнерлі отбасы», Сидақовтар «Мерейлі отбасы», Уахитовтар «Үлгілі көпбалалы отбасы», Есенязовтар «Білімді отбасы», Сағындықовтар «Үлгілі жас отбасы», Әжіғалиевтер «Үлгілі жас отбасы» номинацияларымен марапатталып, «Технадом» сауда үйіне 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше. Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.

Айта кетейік, Атырау қаласында өткен облыстық байқауға Бисеновтар және Сидақовтар отбасылары қатысқан болатын.

М.Ізтұрғанова

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521