Малыңыз пойызға қағылса, айыппұлдан қаражатыңыз қағылады

(0 Votes)

Бүгінгі таңда жолаушылар және жүк тасымалының басым бөлігі теміржол арқылы өтетін болғандықтан, теміржол ережелерін, қауіпсіздігін сақтау - баршаның міндеті. 

Теміржол - ең қауіпті аймақ болып саналады. Сондықтан жаяу жүргіншілер теміржолдан өткенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы керек. Әсіресе, мектеп оқушыларының, яғни, жасөспірімдердің теміржолда жүру ережелерін дұрыс сақтамауының соңы өкінішке әкеліп жатады.

Сондай-ақ, теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелерін ойдағыдай орындамауы, теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өтуі, жүк пойыздарының астынан өтуі, пойыздың алдынан кесіп өтуі салдарынан түрлі апаттарға ұшырап, үлкен алаңдатушылық тудыруда. Онымен қоса, ауданымызда теміржол маңына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының теміржолдардың бөлінген жолағында ірі қара малын айдап өту немесе мал жаю қағидалары жиі бұзылады. Соның салдарынан теміржол көлігімен мал басу дерегі жиі орын алады. Осыған байланысты Мақат станциясы теміржол мекемелерімен бірлесе отырып, аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуді қолға алды. Жалпы, ескертудің артық етпесі анық.  Егер теміржол бойында мал қағу фактісі орын алған жағдайда, малдың иесі анықталып,  оған ӘҚБтК-нің 559-бабы 1 бөлігі бойынша ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондықтан да жолдағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында баршамыз жұмыла күресейік, ағайын.

Е. Кулманов,

Мақат ст. ЖПб-нің бастығының м. а.

 полиция аға лейтенанты

Сурет: ашық дереккөз

                                                                                  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT