Мақатта карантинде өткізілген 11 той анықталды

(0 Votes)

Атырау облысының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы №68 «Атырау облысы тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына сәйкес, ауданда екі арнайы мобильді топ құрылды.

16 қазаннан бастап жүргізілген тексерулер нәтижесінде ауданда 11 отбасылық шара (той) анықталып, 7 тұлғаға айыппұл салынды. Нәтижесінде 291 690 теңге көлемінде қаржы өндірілді. Сондай-ақ, басқа да анықталған заң бұзушылықтар бойынша құзырлы органдар тарапынан істері қаралуда.

Бұл көрсеткіш бойынша аудан тұрғындары арасында карантиндік шектеулерге бойұсынбай, отбасылық шараларды (той, құдалық, туған күн және т.б.) өткізу әлі де көбейіп отырғанын көрсетеді.

Осыған орай, Атырау облысы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 қазандағы №68 «Атырау облысы тұрғындары арасында  коронавирустық инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына сәйкес көрмелер,  форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық, еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де шаралардың  өткізілуіне, сондай-ақ осы тармақтың 25 тармақшасында көрсетілген шараларды қоспағанда, думанды, ауқымды спорттық шараларға  тыйым салынды.

Жеке тұлғалар тарапынан өз үйлерінде отбасылық думанды шаралар өткізу фактісі анықталса, аталған Кодекстің осы бабымен 30 айлық есептiк көрсеткiште 83 340 теңге мөлшерiнде айыппұл салынатыны ескертіледі.

Мақат аудандық жедел штабы

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521