Мал ұрының құрығында кетпесін

(0 Votes)

Жыл басынан бері аудандық ішкі істер бөлімінің ұйымдастыруымен еліміздегі «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында, меншікке қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын алдын-алуға түсіндірме жұмыстары жүргізу үшін тұрғындармен 55 кездесу өткізілді.

Осы орайда, аудан аумағында мал ұрлығының алдын-алу, мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оларды ұстау және қылмыстық жауапкершілкке тарту мақсатында жылдың 5-7 сәуір аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы қолға алынды. Аудан көлемінде мал ұрлығы қылмыстарының орын алу себептерінің бірі, мал иелерінің өз малдарын тиісті деңгейде қарамай, жайылып жүрген малдарын қарайтын бақташының ұйымдастырылмауының негізінде өрістерде, жайылымдарда жүрген малдардың кері оралмай, жоғалу оқиғалары орын алуда. Осы жоғалған немесе ұрланған малдардың таңбалары және биркалары болмау себептері малдарды іздестіру жұмысына кедергі келтіреді.

Сол себепті, ауданда мал ұрлығы оқиғасын азайту мақсатында, үйлерінде мал ұстап, малдарын өріске жіберетінде, өздеріңізге сенім білдіретін тұлғадан халық арасынан өрістерге шығатын малдарды бағуға бақташы сайлап, оның жұмысын қадағалауға алуда. Ал, мал шаруа қожалығы иелері немесе үйде мал ұстаушылар өз малдарын таңбалауды, биркалауды жүргізу қажеттігін ескергенін қалаймыз.

Б.УСПАНОВ,

АІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521