МАҚАТ АУДАНЫНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

(0 Votes)

Бүгін Мақат ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В” компаниясының қолдауымен Мақат ауданының 100 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен мерекелік гала концерті өтті.

 Гала концерттің шымылдығы Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының композициялық қойылымымен басталды.

Мерекелік кешті салтанатты түрде Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов ашып, аудан тұрғындарын ғасырлық мерейтоймен құттықтады.

Сонымен қатар, сахна төріне көтерілген «Норт Каспиан Оперейтинг» компаниясының жергілікті мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Сұңқар Құлжанов құттықтау сөз сөйлеп, 100 жылдық мерейтой аясында өз ізгі-тілегін білдірді.

Әрі қарай, Қазақстан эстрада жұлдыздары мен облыстық және жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Атап айтқанда, Ұлықпан Жолдасов, Өмірқұл Айниязов, Бейбіт Қорған, Kalifarniya сынды елімізге белгілі бірқатар жұлдыздар өнер көрсетіп, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ғасырға толған Мақат ауданының 100 жылдық мерейтойына арналған гала концерт мерекелік отшашумен аяқталды.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521