М.Баймұханов атындағы орта мектебінде орналасқан №204 сайлау учаскесінде сайлау қарқынды түрде жүріп жатыр.
Дауыс беруге келген тұрғындар дәл осындай маңызды саяси науқанда әрбір азаматтың белсенді атсалысуы өте маңызды деген пікірде. Комиссия төрағасы Әсет Мырзахметов сағат 10:00 ге дейін 10 %- дан астам сайлаушы дауыс бергендігін айтады. Сондай-ақ, аталған учаскеде 2007 адам дауыс беруші болып бекітілген. Оның 810-ы вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтар. Одан бөлек, 6-уы мүмкіндігі шектеулі жандар. Еске сала кетейік, дауыс беру уақыты кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Ә.ҚАСЫМ