«ҰЛЫ ДАЛА ЖАУҺАРЫ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ

(0 Votes)

Бүгін Доссор кентінде орналасқан Мақат тарихи-өлкетану музейінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ұлы дала жауһары» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады.

 Шарада Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы көрмені тамашалауға келген қонақтарды көшпелі көрме жәдігерлерімен таныстырып, әр экспонаттың қай жерден, қайдан табылғанына, әр жәдігердің құндылығы мен ерекшелігіне жеке-жеке тоқталды.

Сонымен қатар, Доссор кентіндегі мәдениет үйінде Қазақстан бейнелеу өнері мен музей қоры туындыларын насихаттау, рухани құндылықтарты жаңғыртып, аудан тұрғындары мен қонақтарын музей қоры туындыларымен таныстыру, мәдени-рухани демалыс сыйлап, қылқалам шеберлерінің өнерін насихаттау мақсатында облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала бояулары» атты музей қоры туындыларынан жасақталған көрмесі қойылды.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT