АУДАН ӘКІМІ ФУТБОЛ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

(0 Votes)

Аудандық Жастар ресурстық орталығында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандағы футбол спорт саласының мамандарымен кездесті.

Еркін форматтағы кездесудің басты мақсаты – спортшылармен танысып, аудандағы спорт саласындағы проблемалық мәселелерді ортаға салып, олардың шешу жолдарын қарастыру болды.

Кездесу барысында аудан басшысы бүгінде елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударылып, спортты дамыту мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының біріне айналғандығын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, аудан футболының жетістіктері жыл санап артып, қарқынды дамып келетіндігін, ауданымыздың аяқдоп шеберлері облыстық, республикалық, деңгейлерде өнер көрсетіп, абырой биігінен көрінуі үлкен мақтаныш екендігін жеткізді.

Өз кезегінде спорт саласының ардагерлері мен футболшылар аталған саладағы бірқатар мәселелерді ортаға салды.

Атап айтқанда, жаңадан спорт залдарын салу, сала мамандарының тапшылығы, қаражаттың жетіспеушілігі, жалақының аздығы сынды мәселелерді қозғап, кәсіби клуб құру, жаңадан футбол командасын шығару секілді ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы айтылған ұсыныс заң аясында қаралып, қолдау білдіретіндігін жеткізді.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT