Көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүрмек

(0 Votes)

Тұрғындардың сауалдарының бір шоғыры көгалдандыру бағыты бойынша жолданды. Аудан әкімі жасалынып жатқан істерге тоқталды.

"Мақат кентіне 2500 шаршы метр жерге роза гүлі мен петуния және басқа да гүлдерді егуді жоспарлап отырмыз. Соған байланысты орталық алаңнан арнайы орын дайындап жатырмыз. Құнарлы топырақты жеткізуге мердігер мекеме уәдесін берген болатын.

Ақпан айында орталықта жасалған гүлзарларымызды құнарлы топырақпен толтырып, сондай-ақ, вокзал маңына гүл егеміз деген жоспарымыз бар. Бұдан бөлек, қазір кентке кішігірім саябақ салу жобасы басталып, екі мыңға жуық тал отырғызамыз деп отырмыз. Былтырғы жылғы қарқынды жұмыстар биыл да Доссор және Мақат кенттері бойынша жалғасын табады",- деді Ш.Кейкин.

А.САДЫКОВ

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521