Бұл жөнінде аудан әкімі Ш.Кейкиннің жылдық есебінен тұрғындардан сауал келіп түсті. Аудан әкімі Шәкір Кейкин бұл мәселенің бүгінгі күні бір жолға қойылып, бәрі де заң шеңберінде жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
Мысалы, аудан тұрғындарының тұрғын үй кезегіндегі азаматтар саны 60 үйлік пәтерді бермес бұрын 674-ті көрсеткен болса, кейін ол 614 болды. Заңды ма? Заңды.
Дегенмен, күннен-күнге өтініш берушілер де өсіп отыр. Бүгінгі күні ол 647 болып тұр. Барлығы 120 апатты үй болса, оның 76-сы Доссор кентінде орналасқан. E-gov порталы арқылы да әркім өз кезегін білуіне мүмкіндік бар. Бұл жерде ешқандай бұрмалаушылыққа, заңсыздыққа жол жоқ.
Е.МЫРЗА.
Сурет: ашық дереккөз