Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңына сәйкес Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2021 жылғы 11 қарашасындағы бұйрығымен Сарманов Нұрболат Әлібекұлы Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Ол Атырау мұнай және газ институтын және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы бас есепші, қаржыгер болып бастап, кейін салық органдарында ұзақ жылдар бойы тексеруші аудитор болған.
Мемлекеттік кірістер органдарында да түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
2012-2018 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы,
2018-2021 жылдары Департаменттің Түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы, Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы, Ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
15 қараша күні аудан басшысы Шәкір Кейкин: «Бұрыннан осы салада жүргесін келіп жатырған ұжымыңызды білесіз. Жұмыс жолындағы барлық сатыдан өткеннен кейін сізге сенім артып ауданға басшы қылып жолдаған екен. Жаңа орыныңызда сәттілік тілеймін!», - деп Сарманов Нұрболат Әлібекұлын аудан әкімдігінің аппаратына таныстырды.
А. Есжан