Кентте адасып жүрген малдың иесін айыппұл күтіп тұр

(0 Votes)

Бүгіндері көше кезген иттердің қатарына қосылған сиырлар, өзге де төрт түліктің түр түрі қоқыс-қалдық тастайтын жәшіктерді қопарып жүр. Оны ауыл тұрғындары да жоққа шығармайды.

Нағыз көлік жүретін жолда жүрулері әбден авокөлік жүргізушілерді титықтатып жіберді.

Доссор кенті әкімдігінде мәселеге орай кент әкімі А.Әбілғазиевтің төрағалығымен елді мекендердің аумағында жануарларды асырау Қағидасын түсіндіру мақсатында жеке иелігінде малы бар тұрғындармен жиналыс өткізілді.

Облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №97-V шешімімен «Атырау облысының қалалары мен елді  мекендерінің аумағын абаттандыру» қағидасы бекітілген. Жалпы ережеде көрсетілгендей, осы қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар ҚР-ның 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда қараусыз жайылып жүрген малдардың иесі жоғарыда көрсетілген кодекстің 387-бабына сай 20-40 мың теңгеге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін делінген. Ал қоғамдық тәртіпті бұзған жануарлардың иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту құзыреті қалалық ішкі істер органдарына жүктелген.

Жалпы, жеке иелігінде төрт түлік малы бар тұрғындарға малдарын көшеге иесіз, қараусыз жібермеу және  саябақтарға, темір жол мен автокөлік жолдарына, мекемелер территориясына басқа да қоғамдық орындарға жіберуге болмайтыны туралы 120 ескерту берілді.

Оған қарамастан,  малды әлі күнге көшеден көптеп кездестіруге болады.

2019 жылдың басынан бері  көшеден 15 сиыр, 1 түйе ұсталып, хаттама толтырылып, заң шеңберінде тиісті шарасын алу үшін полиция бөлімшесіне жолданды.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT