Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасымен танысты

(0 Votes)

Пандемия басталғалы бірқатар шектеуге мәжбүрміз. Әлем бойынша кейбір бизнес түрі сол шектеумен жұмыс істеп, кірісіне үлкен шығын келтіруде. Бұл бізде де бар.

Өйткені адам көп уақыт бойы жабық нысанда шоғырланған, көпшілік жиналған жерде вирустың қаупі жоғары. Ал осындай жұмысын шектеуге мәжбүр орынның толық жабылуының алдын алатын, әрі шектеуді ішінара алып тастауға балама ретінде «Ashyq» пилоттық жобасы іске қосылды.

Бірінші кезекте – қауіпсіздік. Қазір кез келген ауру белгілері бар не белгілері жоқ формада COVID-19 індетімен ауырғандар үй карантинін сақтау бойынша міндеттеме алып, оны қолхатта жеке қолтаңбамен растайды. Дегенмен өзін-өзі оқшалау режимінің бұзылып жататыны да бар. Ауырған, науқас адаммен байланыста болған адамдар қоғамдық орындарға бармайды емес, барады. Солай вирустың таралуына себепші болады. Міне, біз айтып отырған қосымша осындай келушілерді анықтайды. Әрі басқа келушілердің қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Бұл қалай жүзеге асады?

Бұл жөнінде Аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері  аудандағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Топ құрамында  аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Жангереева , аудандық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының төрайымы Г. Едігеева, "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің Мақат ауданындағы өкілі К.Алишева, аудан әкімі аппаратының бас маманы Д.Асанов және аудандық полиция бөлімінің инспекторлары Н. Жұбаев, Д.Зедляев  болды.

"МТ"

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521