Кәсіп ашам десеңіз, оқып алыңыз!

(0 Votes)

Сәуірдің алғашқы күнінен бастап ауданымызда «Атамекен» Ұлттық палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Bastau Бизнес» жобасы бастау алды.

Яғни, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021» жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстары басталды.

Курс Мақат кентіндегі Қ.Сәтпаев көшесі бойындағы «Нұр Отан» ғимаратында өткізілуде. Аталған бағдарламаға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, өз бизнесін ашқысы келетіндер, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерлер қатыса алады. Бағдарлама жобасы 2017-2021 жылдарға арналған. Жоспар бойынша, жаңа жоба операторлары (Ұлттық кәсіпкерлік палатасы, Ауылшаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігімен бірге) бірлесіп 2017 жылдан бастап 15 000, одан кейін жылдан жылға осы көрсеткішті өсіріп, 2021 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және жұмыссыз жүрген 30 000 азаматты кәсіпкерлікке баулу туралы үлкен жоспар бар. Бұл жоспар негізінде жобаға қатысушылардың кемінде 12 пайызы бизнес ашып отыр. Қазақстанда білікті мамандар тапшылығы жылдан-жылға артуда. Қазіргі таңда еңбек нарығында техникалық және кәсіптік мамандықтарға сұраныс айтарлықтай артқан. Жаңа жобаның мақсаты – тікелей еңбек нарығы қажеттілігін ескере отырып, білікті кадрларды оқытып маман тапшылығы мен жұмыспен қамту сияқты екі мәселенің шешімін таппақ.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521