Көшедегі көшеттер көк сиырға жем болды

(0 Votes)

Биылғы көктем ауданымызда біраз көгалдандыру жұмысының жүруіне көмегін тигізді десем артық болмас.

Жаңбыр, күн шуағы дегендей...

Бірақ, қалай дегенмен де, адам баласының қатысуынсыз ешбір іс бітпейтіні шындық. Біздің Доссор кентінде біраз жылдан бері орталық көше бойларын көгалдандыру жұмыстарын ауыл азаматтары бас болып бастап кетті. Оны көгертіп, бой түзетіп алып кетуі үшін мәпеледі, аялады.

Бізде арнайы әдемі қоршаулар үшін ақша бөлінбейді. Оның қажеті де шамалы сияқты. Сол ағаштар бой көтеріп кетсе, болғаны. Мысалы, Доссор кентіндегі Махамбет көшесі бойындағы ағаштар бой көтеріп кеткенге дейін түрлі тор қоршаулар пайдаланылды. Кейіннен ол қоршаулары алып тастады.

Қазір әп-әсем теректер көше сәнін келтіріп жайқалып тұр. Енді оларды малдан қорғау қиынға соғып тұр. Мал иелері қаншама айыппұл салынса да, айылдарын жияр емес.Бұл қалай болғаны, ағайын. Азаматтардың еңбегін бағалайық.

Қ.СҮНДЕТҰЛЫ,

Доссор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521