Көп балалы аналарға көмек көрсетті

(0 Votes)

Доссор селолық ауруханасының Жедел-жәрдем бөлімшесінің ұжымы кенттегі көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көрсетті.

Өз қаражаттарына азық-түлік өнімдерін алып, 4 отбасыға үлестірді. Осылайша ақ халаттылар тұрмыс тауқыметін тартқандардың мұңын сейілтіп, алғысын арқалады.

Қайырымдылық себетіне қол жеткізген жандар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Жедел-жәрдем қызметкерлері мейірімділік пен ізгілік салтанат құрған өз бастамаларының жалғасын табатындығына сенімді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521