Бүгінгі сайлауда А.Құнанбаев атындағы орта мектепте орналасқан №211 сайлау учаскесінде ауыл тұрғыны, Бисенбай Қарылданов алғашқы болып өз дауысын беріп, естелік сыйлыққа ие болды. Өз учаскесіне жылда алғашқы болып дауыс беретін ол бұл жолы да дәстүрден жаңылмады.
“Жылдағы дәстүр бойынша биыл да алғашқы дауыс беруші болып тіркелдім. Бүгінгі науқанның маңызы зор. Себебі тұрғындар ел болашағы үшін жаңа депутаттарды сайлайды. Мен өз таңдауымды жасадым. Көпшіліктің дауысымен сайланған халық қалаудылары елімізді көркейтіп, гүлдендіру үшін күш-жігерін жұмсайды деп сенім білдіремін”,- деді ауыл тазалығына жауапты Б.Қарылданов.
М.Ізтұрғанова