АУДАНДА КӨКПАРДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

АУДАНДА КӨКПАРДАН АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
фото: автордікі
(0 Votes)

 Бүгін қойнауы құтқа, тарихы тағылымға толы қастерлі мұнайлы мекеніміз Мақат ауданына 100 жыл толу мерекесіне орай жаппай көкпардан аудандық ашық турнир өтті. 

Ықылым заманнан бері қанымызға сіңген қасиетімізді дәріптеу мақсатында өткен ұлттық ойынға Атырау қаласы, Қызылқоға ауданы, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы мен Мақат ауданынан келген көкпаршылар қатысты.

Ойын басында алғаш болып сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, ат құлағында ойнайтын жігіттерге сәттілік тіледі.

Одан әрі ауыл ақсақалы көкпаршыларға батасын беріп, аудан өнерпаздары патриоттық әндерін шырқады.

Көкпар соңында салым салған шабандоздармен қатар, ойын барысында ептілігімен көзге түсіп, көпшіліктің ықыласына бөленген құрыш білекті жігіттер, бабы мен бағы қатар шапқан сәйгүлік аттар арнайы номинацияларға ие болып қаржылай және дипломдармен марапатталды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521