Ескенеге ескерткіш орнатылды

(0 Votes)

Өсіп-өнген өлкеге деген ерекше ықыласын нақты іске ұластырған елжанды азаматтардың арқасында мұнайлы Ескене елді мекеніне туған жердің тұғырын айқындайтын ескерткіш монументі орнатылды.

«Орны бар оңалар» демекші, ауылдың заты жойылуға шақ тұрғанымен, атын мәңгі есте қалдыру үшін ауыл тұрғындары күш біріктірді. «Ауылдан адам көшкенімен, адамнан ауыл көшпейді» демекші, 2019 жылдың басынан бастап Ескененің бір топ тұрғындары туған жерге мемориалдық ескерткіш орнату және оның тарихы туралы кітап жазу бастамасын көтерген болатын.

fb992f10-91d1-41ea-97b7-6de543482b88

Сол тұрғындардың ұйымдасуы мен ұжымдасуы арқасында ауылға арнап ескерткіш орнату идеясы ойға оралып, бүгінгі таңда жүзеге асты.

68fdc69c-0f6c-49cd-9923-1a6a93e0bd3b

16 маусым күні «Ескене» монументінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Шараға алыс-жақыннан келген ауылдың байырғы тұрғындары, еңбеккерлері және жергілікті билік өкілдері қатысты. Алдымен осы өлкеге еңбегі сіңген азаматтардың аруағына дұға бағышталып, рухына тағзым етілді. Аудан әкімінің орынбасары Оксана Жаңбырбайқызы және «Ескене» белгісін қою идеясының бастамашысы, ардагер мұнайшы Абдрахман Хайроллаұлы лента қию құрметіне ие болды. Ескерткішті салтанатты түрде ардагер Серік Есенбаев және Сағи Данабаев ашты.

07bd8366-bc08-4591-bed8-c9ed49020b9c

Монументтің композициясында мұнай ұңғымасы және шаңырақ бейнеленген. Сондай-ақ, Ескене кен орнына еңбегі сіңген азаматтардың және Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің есімдері жазылған. Кен орнының 1932-2011 жылдары аралығындағы мұнай өндірісінің тарихы таспаланған. Әрі Ескененің перзенті Абдрахман Қазиевтің төл туындысы «Сағынышым - Ескене» атты өлеңі жазылған.

Толығырақ газетіміздің жаңа санынан оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT