Доссор кентіне жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Сәрсенбінің сәтті күні аппарат жиынында аудан әкімі Шәкір Кейкин таяуда өткен сайлау нәтижесі бойынша жаңадан сайланған Доссор кентінің әкімі Ермеков Болат Амангелдіұлын таныстырды. Алдымен оның өмір және еңбек жолы жайында толыққанды мағлұмат берілді.

Болат Ермеков 1963 жылы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат селосында дүниеге келген. 1985 жылы Гурьев педагогикалық институтын мұғалім, 2001 жылы «Ақниет» қазақ заң колледжін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Жасқайрат селосындағы Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінде тарих және қоғамтану пәні мұғалімі болып бастап, спорт жөніндегі әдіскер; жастар ісі жөніндегі маманы; Қызылқоға аудандық ішкі істер бөлімінде бастықтың жедел істері жөніндегі орынбасары; Мақат аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары; өрт сөндіру бөлімінің бастығы; күзет бекетінің бастығы; Мақат ауданы әкім аппаратының басшысы; Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты «Балалар – жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлық клубы» КММ-сі директорының уақытша міндетін атқарушысы қызметін атқарды.

Аудан басшысы алда көп деген маңызды істер күтіп тұрғандығын айтып, кенттің көркею жолында аянбай қызмет етуді тапсырды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT