Мақат ауданында екі күнде төрт адам коронавирус жұқтырған

(0 Votes)

Аудан бойынша 14-15 маусым аралығында жаңадан Доссор кентінде-2 жағдай, Мақат кентінде – 2 жағдай Covid-19 инфекциясын жұктырған адамдар анықталып, жалпы аудан бойынша 17 - жағдай тіркелді.

Алдағы уақытта, жаңадан 2 жағдай тіркелетін болса қайтадан карантиндік шаралар қабылдауға негіз болатынын хабарлай отырып, аудан тұрғындарынан төмендегідей қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз:

1) азаматтардың тұратын және жүріп-тұру орындарынан шығуына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға;
2) адам көп шоғырланатын жерлерге қажеттілігі болмаса бармауға;
3) отбасылық шараларды, оның ішінде той, құдалық, мерейтой, туған күн, шілдехана, еске алу және т.б. ұжымдық шараларды өткізуді тоқтатуға;
4) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпауға;
5) жұмыс орындарыңызда да күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетпердемен, антисептиктер пайдаланып жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!

Мақат аудандық әкімдігі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT