Елжанды ұрпақ тәрбиеленуде

(0 Votes)

Еліміздегі ең ұлы мерекелердің бірі - Тәуелсіздік күніне орай, №4 Доссор балалар кітапханасы С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының 3 «б» сынып оқушыларының қатысуымен «Егеменді елім менің – Қазақстан!» атты мерекелік кеш өткізді.

Бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялатып және ата-бабаларымыздың ерлігін ұмытпай, өз елін, жерін қастерлейтін елжанды ұрпақ қалыптастыруды мақсат еткен шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Шара әнұранға құрмет көрсетілуден басталып, оқушылар тәуелсіздік туралы өлең-тақпақтарын оқыды. Қыздар «Қазақ» биін шебер орындаса, ұлдар «Жаса, қазағым!» әнін шырқап, мерекелік шараның көрігін қыздырды. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер туралы мағлұматтар беріліп, ұлт нышанын айшықтайтын дүниелерге құрметпен қарап, қастерлей білуге шақырды. Оқушылар «Небеса» биін билеп, «Желтоқсан желі» әнін тебірене шырқады. Шара көк байрағымызды желбіретіп, «Көк тудың желбірегені» әні шырқаумен қортындыланды. Кітапханашы Айман Жылқышиева оқушыларды дайындаған сынып жетекшісі Гауһар Саркитоваға алғыс хат табыс етіп, шығармашылық табыс тіледі.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521