Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетауда өткен үлттық құрылтайда тың тақырыптарды қозғап, маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Соның ішінде ел экономикасы, салық жүйесі, кәмелетке толмаған балалардың құқығы, білім мен ғылым сынды сан салалы тақырыптарға шолу жасап, бірқатар келелі шешімдер қабылдады.
Әсіресе, ел игілігі үшін жасалып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға ерекше тоқталып өткен болатын.
«Біздің мемлекетімізге ірі инфрақұрылымдық жобалар өте қажет. Ауқымды жобалар аймақтардың экономикалық мүмкіндігін арттырады. Мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді», - деді Мемлекет басшысы.
Жалпы былтырғы жылы мұнайлы ауданымыз әлеуметтік-экономикалық даму бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Соның негізінде бүгінгі таңда ауданда көптеген ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, ауыл-аймақты табиғи газбен, таза ауыз сумен және сапалы электр қуатымен, тұрғын үймен қамту бағытында нақты шаралар қабылданды.
Жоспарға сәйкес, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәліметінше бүгінде Мақат кентіне 24 шақырым автокөлік жолын салу жобасы аясында Ж.Жұмағалиев, Бостандық,«Мұнайшы» газеті және тағы басқа кент көшелері асфальттанып, Доссор кентіндегі 32,7шақырым автокөлік жолдарын салуға жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сатып алулар ұйымдастырылуда.
Одан бөлек аудандағы қоқыс полигонына кіреберіс жол және инфрақұрылым жүйелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Ал, тұрғын үймен қамту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту бағыты бойынша биылғы жылы апатты тұрғын үйлердің мәселесін шешу мақсатында 2 пәтерлі 50 тұрғын үй сатып алуға облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, кезекте тұрған азаматтар арасында жалдамалы пәтер ретінде берілетін болады.
Сонымен қатар, Мақат кентіндегі 4 дана кәріз айдау станцияларына, №1,2,3,4 ауыз су резервуарларына, сондай-ақ ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ауданның елді мекендері көшелеріне 379 бейнебақылау камераларын орнату, 23 дана арнайы тазалық жұмыстары үшін автокөлік сатып алу жұмыстары ұйымдастырылуда.
Аудан елді мекендеріне заманауи жабық 65 жол учаскесіне 91 дана автобус аялдамаларын және 115 дана қоқыс алаңшаларын салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақталды.
Жасыратыны жоқ, ауданның ең үлкен жетістіктерінің бірі құрылыс көлемінің артуы болып табылады. Осы ретте аудандық құрылыс бөлімінің мамандары ағымдағы жылдың
соңына дейін екі пәтерлік 30 тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланғанын жеткізді.
Сонымен қатар, сала мамандары Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебіне 250 орындық жапсарлас ғимаратының құрылысы ағымдағы жылы басталатынын айтып, Мақат кентінен 160 орындық 2 балабақша құрылысына және 50 керуетті орталық аурухана құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталғанын тілге тиек етті.
Одан өзге, аудан инфрақұрылымын дамыту мақсатында Мақат кентіндегі көп салалы спорт залының құрылысы, Бәйгетөбе ауылынан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінің, Доссор кенті, Ә.Мантаев көшесі мекен-жайы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, Мақат кенті С.Әлиев, Бостандық және «Мұнайшы» газеті 60 жылдығы, Б.Төлекбаев, Е.Аманбердиев көшелеріндегі балалар спорт және ойын алаңшасы құрылысы, сондай-ақ, Мақат кентіндегі С.Әлиев көшесі, 80/4, С.Әлиев 80/3, С, Мұқашев көшесі, 80/8, Қ.Сәтпаев көшесі 18/5, Қ.Сәтпаев 18/2, Мұнайшы көшелерінде орналасқан балалар спорт алаңының құрылысы, Мақат кенті Газшылар ықшам ауданындағы алаңды қайта жаңарту жұмыстары, «Мақат кенті» монументті абаттандыру және құрылысы, Бәйгетөбе ауылдық округінде жастар саябағының құрылысы, Мақат кенті орталық алаңды қайта жаңарту жұмыстары, Доссор кентіндегі көшелер жарығының құрылысы және қайта жаңарту жұмыстары, Бәйгетөбе ауылы, №402 бекеті және "Мұнайайдаушылар" ықшам ауданы көшелерін жарықтандыру құрылысы, Мақат кентіндегі тұрғын үйлер мен ғимараттардың электр энергиясы желілері бар трансформаторлық қосалқы станцияларды реконструкциялау жұмыстарын, Доссор кентінен жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін бөлінген 565 жер телімдеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым (ауыз су, газ және электр желісі ) желілерін жүргізу, Доссор кентіне жерасты сумен жабдықтау станциясының 3 су қазанын салу, Доссор кенті Б.Аймағанбетов көшесінен балалар ойын алаңшасының құрылысы, Доссор кенті «Бірлік» ықшам ауданынан демалыс саябағының құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.
Иә, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауданның даму деңгейін көтеру бағытында жасалып жатқан жұмыстардың бірі болып табылады. Өйткені тұрғындардың әлеуметтік жағдайының одан әрі жақсаруы ауданның инфрақұрылымдық дамуына тікелей байланысты.
Б.АСХАТҚЫЗЫ