Бүгін облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бердібек Таишев ауданға арнайы іс сапармен келіп, кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, білім бөлімінің басшысы, сала ардагерлері мен мұғалімдер қатысты.
№2 бастауыш мектеп ғимаратында өткен аталған кездесу барысында ауданның білім саласындағы өзекті мәселелері қаралып, ұсыныс-пікірлер айтылды.
Сала ардагерлері тарапынан қойылған сұрақтарға департамент басшысы Бердібек Еркінбекұлы заңдылығына сәйкес жауаптар беріп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Шара соңында білім саласының бірқатар ардагер ұстаздарына облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының алғыс хаты мен гүл шоқтары табыс етілді.
Ботакөз Асхатқызы
Сурет автордікі