АУДАНДА 10 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

АУДАНДА 10 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

 Бүгін Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету барысында Мақат және Доссор кентінен 5 жаңа тұрғын үйдің кілті 10 отбасыға салтанатты түрде табысталды.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Азамат Мәмбетов ізгі тілегін жеткізіп, баспана иелелерін жаңа қоныстарымен құттықтады.

Сондай-ақ, ауданда баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.

Айта кетейік, аталған тұрғын үйлер жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.

Аталған қоныс иелерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймыз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT