№ 213 Мақат мұнай және газ колледжінде орналасқан референдум учаскесіне алғашқы болып зейнеткер ерлі-зайыптылар дауыс берді.
«Күн санап артып келе жатырған қуат көзінің тапшылығын шешудің бірден-бір жолы - АЭС салу. Тәуелсіз елдің болашағының жарқын болуы үшін референдумға қатысып, дауыс беру біз үшін маңызды”,- дейді отбасылық жұп.
Сондай-ақ, алғашқы болып дауыс беруші ерлі-зайыптыларға комиссия төрағасының атынан арнайы сыйлық табыс етілді.
Айта кетейік, №213 референдум учаскесінде 1790 адам дауыс беруші болып тіркелген.
Ж.Қамза