Депутат әділдікті қадағалауда

(1 Vote)

Доссор кентіндегі учаскелерде дауыс беру жалғасуда. Сайлаудың әділ өтуін бақылаушылардың бірі - аудандық мәслихаттың депутаты Азамат Дәулетқалиев.

"Елдің ертеңі үшін өтіп жатқан кезектен тыс Президент сайлауының алдын ала дайындығы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы маңызды күнде ауыл тұрғындарының белсенділігі байқалады. Мен өзім Доссор кенті Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінде орналасқан №214 сайлау учаскесінде таңмен таласа басталған науқанның қызу жүріп жатырғанындығына куәмін. Сайлау комиссиясы мүшелері, қоғамдық ұйымдар, партия жанынан келген бақылаушылар сайлау учаскесіндегі ахуалды бақылап отыр. Осы учаскеге жататын тұрғындардың жарты бөлігі түске дейін өз таңдауларын жасап үлгерді,- дейді әрі аталмыш мектептің директоры қызметін атқаратын Азамат Қожабайұлы. 

Айта кетейік, №214 сайлау учаскесінде сағат 15:30-ға дейін тұрғындардың 60 пайызға жуығы таңдауын жасаған. Комиссия мүшелері Бесбөлек кен орнына барып келді, үйден дауыс беруге өтініш түскен жоқ.

А. Есжан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT