«Мақат тынысы» газетінен ауданымызда коронавирус дертінің сейіле бастағаны туралы хабарды оқып, қуанып қалдым.
Иә, наурыз айынан бастап, бұрын болмаған өмір салтына бейімделуді бастадық. Бірде бәсеңдеп, бірде өршіп отырған ауру бізді туысымыздан, досымыздан, сыйлы ауылдастарымыздан айырды. Аты жаман дертпен күреске барша қазақстандық атсалысқанын да көрдік. Енді, міне, ауру сейілді деген хабарды естіп, оның үстіне карантин тәртібі де жеңілдегенін біліп, қуаныш, ертеңге үміт оты жанғандай болды. Дегенмен, карантин үйреткен тәртіпке әлі де бағынып, әркім өз жағдайын ғана ойлап қоймай, жанымыздағы адамдардың да жағдайын ойлағанымыз дұрыс. Аурудың топ болып, жиналуды «қаламайтынын» білдік. Олай болса, тазалық пен денсаулықты алғы кезекке қойып, келер жыл мезгілінен жақсылықты күту үшін тәртіпке бағынғанымыз дұрыс болар еді.
Күлпаш АЛИШЕВА,
Мақат аудандық аналар кеңесінің төрайымы