Болашақ сарбаздар сап түзеді

(1 Vote)

М.Баймұханов атындағы білім ордасының алғашқы әскери дайындық алаңында  "Біз - болашақ сарбазбыз" атты әскери-патриоттық сайыс өтті.  Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы, "Ұлы Отан соғысының " 76 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекесіне орай өткен шараға аталмыш алтын ұяның шәкірттері белсене қатысты.

Саптық көрініс көрсетуден бақ сынаған сегіз бөлімшенің де дайындықтары тап-тұянақты. Әскери формаларының әдемілігі де бірінен бірі өтеді. Алдымен, көк туымыз ортаға әкелініп, шараға қатысушылар әнұранымызды қосыла шырқады.

sap-tuzedi-1 

Бала жүректері дүрсіл қағып, сайыстың басталғанын тағатсыздана күткен "жас сарбаздар" додаға түскен тұлпардай тыпыршиды келіп. Әне-міне дегенше алғашқы бөлімше командирі "Бөлімше, түзел!",- деген пәрменін беріп үлгерді. Бір қатардан екі қатарға, екі қатардан бір қатарға, бір қатардан үш қатарға сапталған "сарбаздар" көрген жанның көзін сүйсіндірді. Патриоттық әндерді қосыла шырқап, саптық адыммен қадам басқан шәкірттеріміздің албырт үндерінен олардың отандарына деген шексіз махаббаттарын байқау қиын емес.

sap-tuzedi-2

Жарыстың мақсаты да  отан сүйгіштікке тәрбиелеу, отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру еді. Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыруды көздеген ұстаздары да балаларға дән риза.  Сайыс қорытындысы бойынша үшінші орынға 5"А", 5"Ә", 6"Ә", 6"А" сыныптары,  2 орынға 7"В", 7"Б" сыныптары,  1 орынға 6"В" сыныбы ие болды. Ал, бас жүлдені 5"В" сыныбы қанжығаларына байлап әр номинациялар бойынша арнайы дипломдар табысталды.

 

А.САДЫКОВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521