Құрманғазы ауданының 95 жылдығына және Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай бокстан облыстық ашық турнир өткен еді. 2006-2007, 2010-2011 және 2012-2013 жылдары туған жастар және жасөспірімдерге арналған жарыстың мақсаты әуесқой боксты дамыту және насихаттау, аудандар арасындағы спорттық байланысты нығайту, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру болды.
Аталмыш турнирге облысымыздың түкпір-түкпірінен жас спортшылар қатысып, 19 салмақ дәрежесінде IBA ережелері бойынша бақ сынады. Жарысқа Мақат балалар және спорт мектебінен 10 бала қатысып, оның 8-і жүлдеге ие болды. Атап айтсақ, 2012-2013 жылы туғандар арасында Қайырбек Ізімғали (32 кг) І орын, Нұрсұлтан Тыныштық (28 кг) және Ислам Төленді (36 кг) ІІІ орын, 2010-2011 жылы туғандар арасында Салауат Сарсенғали (36 кг) және Бағдат Амандықов (44 кг) І орын, Мирас Мейрамбай (52 кг) ІІ орын, Жұмабай Айтқали (32 кг) ІІІ орын, 2006-2007 жылы туғандар арасында Әбдіманап Хайрош (60 кг) ІІІ орынға ие болды. Ал бұл сайыста Даурен Жауылбай (38 кг) мен Райымбек Таубайдың (30 кг) бағы жанбады.
Жас боксшылардың бұл жетістігі жаттықтырушылар Аманкелді Қобдабаев, Нұрсейіт Аюпов, Парасат Құлмұханов, Алтынбек Бисенбаевтың шеберліктерінің арқасы.
М.ІЗТҰРҒАНОВА