Нұрмұхаммед – жеңімпаз!

(0 Votes)

Орал қаласында бокстан Қазақ ССР чемпионы Манарбек Ихсановты еске алуға арналған республикалық турнир өткен болатын. 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен додаға 18 команда, 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. 

Атырау облысының намысын қорғаған аудан спортшыларының бұл сайыста бағы жанды. Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің үш боксшысы қатысып, нәтижесінде, 48 келі салмақ дәрежесінде Нұрмұхаммед Алдаберген І орын иеленіп, алтыннан алқа тақты.

Сондай-ақ, бұл сайыста Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс жаттықтырушысы Нұрсейіт Аюпов «Үздік төреші» аталымымен марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521