Көршісінің балаларын өрттен құтқарды

(0 Votes)

Алғыс айту күні қарсаңында газет ұйымдастырған акция арқылы таяуда ғана балаларымды өрттен құтқарып қалған жанға алғысымды білдіргім келеді. 

Оқиға 21 ақпан күні орын алған болатын. Мақат кентіндегі С.Мұқашев көшесінде орналасқан үйімнен тоқтың салдарынан өрт шығып, бәрімізді әбігерге салған еді. Осы уақытта үйде екі кішкентай баламмен жалғыз қалған әйелім не істерін білмей абдырап қалған. Көмек сұрап айқайлаған келіншегімнің дауысын естіген көршім Рүстем Таманов сол кезде өзінің ептілігін танытып, жапқышқа балаларымды орап үйден аман-есен алып шыққан. Осындай кезде тосылып қалмай, батылдық танытқан көршіме алғысым шексіз.

Әлеуметтік желіде балаларды полиция қызметкерлері құтқарды деп тарап жатыр. Полиция қызметкерлерінің оқиға орнына жедел келіп, өрт сөндірушілер келгенше өртті ауыздықтауға көмектескені рас. Олар оқиға орнында дер кезінде табылмаса мүмкін өрт одан әрі шарпып кетер ме еді... Сондықтан да оларға да ризашылығым шексіз. Тек олар менің балаларымды емес, жоғары қабаттағы балаларды түтінге уланып қалмасын деп алып шыққан болатын. Ал менің балаларымды ажалдан арашалап қалған көршім Рүстем. Сондықтан да бүгінгі күннің батыры деген атқа лайықты іс көрсеткен көршім жергілікті билік тарапынан адам өмірін құтқарғаны үшін лайықты марапатын алса екен деймін.

Нұржан НҰРБАЕВ,

Мақат кентінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT