"Біздің уақыт" жобасы жастардың көңілінен шығуда

(0 Votes)

«Жақсымен бірге өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» деген Абайдың бір сөзі қаншама мән-мағына береді. «Сөз – әдетке, әдет – мінезге, мінез – тағдырға айналады» деген  Шәкәрім бабамыздың сөзін де ескермей кетпеске болмас. Жақсы сөз сөйлеп, жақсы адамдармен әңгіме жүргізу – кімді де болмасын, ой санасын өзгертпек. Осы орайда олармен сұхбат жүргізу өте керемет ой деп есептеуге болады. Бұл ойды іске асырудың нәтижесінде «Біздің уақыт» бағдарламасы өз жолын бастады.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында жүзеге асырып отырған бұл жобаның басталғанына 3 айға жуық уақыт болса да, көрерменнің көзайымына айналып үлгерді. Бағдарламаның қонағы болған Әсел Шайзадақызы, Серікболсын Шынтас, Бекзат Арыстанов, Мөлдір Ізтұрғанова, Азамат Дәулетқалиев, Біләл Сүннетқожаұлы, Думан Құрмашев, Данияр Еримов, Эльмира Мусина, Әйгерім Серікқызы, Еркебұлан Бейбітұлы, Асылбек Өтегенұлы, Әнуар Теңдібай сынды ауданның белсенді жастар армиясы жетістікке жету жолымен қоса, кеңестерімен де бөліскен еді.

Жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдаланған жастар орталығы бұл бағдарлама арқылы пайдалы ақпарат жеткізіп, сан түрлі мамандықтардың сырын ашып, қоғамдағы жастар рөлін қозғауды мақсат еткен болатын. Бұл мақсат бүгінде жүзеге асып, айқындалып келеді деп есептеуге болады. Оған көрермендердің оң көзқарасы мен пікірі дәлел.

Ауданның белсенді де беделді азаматтары бұл бағдарламада жастарға пайдамды тигізсем деген ниеттерін білдірген еді. Жаңашылдықты қалайтын жастарға біз өз үлесімізді тигізіп жатырмыз деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да аталмыш жобадан  талай қызықты мағлұматтар алып, жалынды  жастардың әңгімесін еститін боласыздар.

 

М.Ақмурзина,

Л.Шахатов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT