Қаңтар айының 21-і күні «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Мақат ауданы бойынша өкілі Күлпаш Алишева, аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Шаяхмет Ишанғалиев және «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Асылбек Ищан Мақат кентінде орналасқан «Лидер» және «Болашақ» минимаркеттерінде 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізіп қайтты.
Мониторинг барысында бүгінгі күні аудан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шектік бағалары алдыңғы аймен салыстырғанда өскендігі байқалды. Атап айтқанда, күнбағыс майы бағасы – 600 тг (550 тг), картоп бағасы – 155 тг (140тг), қант бағасы - 300 тг-ні құрап тұр. Әлеуметтік маңызы бар тағамдардың бағасын ауыздықтаудың амалын қадағалау мақсатында «Атырау – адалдық алаңы» Мақат аудандық жобалық кеңсесі жергілікті БАҚ өкілдерімен және қоғам белсенділерімен тұрақты түрде мониторинг жасап тұрмақ.
"МТ"