Азаматтарға онлайн түрде құқықтық кеңес беру үшін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті бастамасымен 2020 жылдың сәуір айынан бастап «Адал көмек» жобасы іске асырылуда.
Осыған орай, Мақат ауданы әкімдігмен аталған жоба аясында 2021 жылдың І тоқсанында Мақат ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында өтетін аудан тұрғындарын онлайн қабылдау және кеңес беру кестесі бекітілген болатын.
Жоба аясында Мақат аудандық сотының төрағасы Ғалым Чингисов тікелей эфирде онлайн кеңес берді. Сот төрағасы Мақат аудандық сотының құрылым, сот жүйесі мен 2020 жылы аудандық сотпен қаралған істер жөнінде қысқаша шолу жасап, заңнамада болып жатқан өзгерістер мен толықтыруларға және отбасы-тұрмыстық қатынас саласындағы азаматтық істердегі өзгерістерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар, төраға 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін де түсіндіріп өтті. Кодекстің әрекеті мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік заңды тұлғаларға да, жария-құқықтық функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға да (өзін-өзі реттейтін ұйымдар, нотариат, адвокатура, «Азаматтарға арналған үкімет» ҰАҚ) қолданылатын болады.
Кеңес беру еркін форматта өтті. Желі қолданушылары тікелей эфир барысында «Сот қызметі» саласына қатысты сауалдарды жолдауға мүмкіндік алды. Сот төрағасы аудандық соттың жұмысына қатысты қандай да бір ұсыныс-пікірлер болған жағдайда әрдайым қоғаммен байланыс жасауға әзір екендігін жеткізіп, дауларды қарау кезінде әрдайым заң нормаларын қатаң ұстанатындығын айтып өттті. Сондай-ақ барша мемлекеттік орган қызметшілерін жұмыс барысында әділдік пен парасаттылық, адалдық қағидаттарын ұстануға шақырды.
А.САДЫКОВ