Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын дәуір

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын дәуір
Сурет: ашық дереккөз
(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: Өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы — ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық құжат.

Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектті тиімді қолдану арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру қажеттігін нақты көрсетті. Бүгінде цифрлық технологиялар мен автоматтандыру — өндіріс тиімділігінің басты тетігіне айналды. Президент атап өткендей, жасанды интеллект тек экономикаға ғана емес, білім, денсаулық сақтау, экология сияқты көптеген салаға тың серпін береді.

Бұл — жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын дәуір. Біз бұл өзгерістерге белсенді қатысып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет етуіміз қажет. Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдай отырып, еліміздің цифрлық болашағына зор сеніммен қараймын. Жаңа технологиялар дәуірінде Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу — баршамыздың ортақ міндетіміз.

 

Қ.Омаров,

ардагер

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT